Төлеуов Орал 1966 жылғы 14 қазанда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде дүниеге келген.
1984 жылы Ақадір қазақ орта мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы Зооветеринарлық институтына түскен. 1986 жылдың күзінде Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Мәскеу қаласында әскери қызмет атқарған. 1986 жылдың қарашасынан бастап Алматы зооветеринарлық институтының 1-курсынан оқуын жалғастырған. Институтта химия, биология және хирургия пәндеріне ерекше қызығушылық танытып, институт базасындағы ветеринарлық клиникада қосымша тәжірибе жинақтаған. Үй жануарлары — ит пен мысықтарға операция жасау, емдеу және профилактикалық шараларды жүргізу саласында дағдыларын қалыптастырған. 1992 жылы институтты үздік бітіріп, мал дәрігері мамандығын алған.
1992 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадір совхозының вет-техниг қызметіне орналасты. Сол жылдың аяғында совхоз таратылуына байланысты аудан әкімшілігінің жалпы бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылды. 1993 жылы аудан әкімшілігінің аппарат басшысы болып тағайындалды. 1994–1998 жылдары «Іңкәр» мемлекеттік шағын кәсіпорнын ашып, 4 жыл бойы мал дәрігерлік саласында қызмет атқарды.
1998 жылы Астана қаласының ветеринариялық комитетіне мал дәрігері болып жұмысқа қабылданды. Негізгі міндеті — ит пен мысықтарды емдеу, операция жасау, профилактикалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізу болды. Осы кезеңде аграрлық университет факультетінің мұғалімдері мен студенттеріне практикалық тәжірибе беріп, «Астана кеші» газетінде оның қызметіне байланысты мақала жарияланды. 1999 жылы Астана қалалық ветеринария комитеті қысқартылып, оның орнына «Жаңа Астана» қаласының ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасы құрылды. Осы басқармада басшының орынбасары қызметіне тағайындалды. Кейін аумақтық ветеринарлық инспекция ашылып, онда оның басшысы қызметіне ауыстырылды.
1999–2009 жылдары Астана қаласының бас ветеринарлық инспекторы қызметін атқарды. Он жыл ішінде қаладағы тамақ қауіпсіздігі деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты. 2002 жылы ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіру бағытында Ветеринария заңы мен тиісті заңнамалық актілердің әзірленуіне белсене қатысты.
2009–2013 жылдары Астана әуежайының шекаралық және көліктегі ветеринарлық пунктінің, сондай-ақ орталықтандырылған жедел басқарма басшысы қызметін атқарды.
2014–2015 жылдары Астана қаласының мемлекеттік ветеринарлық станциясының директоры болды. 2016 жылы Ерейментау ауданының сұрауымен ветеринария бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бірнеше жыл бойы ушыққан бруцеллез ауруынан 3 ауылдық округті жарты жылдың ішінде тазартып, халық алдындағы уәдесін орындады. Нәтижесінде Ерейментау ауданы бруцеллез және өзге де жұқпалы аурулардан арылып, таза аймаққа айналуына жағдай жасалды.
2020 жылдан бастап ветеринариялық бөлім қысқартылып, Ерейментау ауданының ветеринарлық станциясының басшысы ретінде қызметін жалғастырып келеді. Бұл қызмет барысында ветеринарлық персоналдың жалақысын 130 000 теңгеден 470 000 теңгеге дейін көтеруге ықпал етті. 2023 жылы 25 миллион теңгеге Қазақстан Республикасы бойынша үздік деп танылған жаңа ветеринарлық станция сатып алынды.
Мекеме жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіліп, көлік және ветеринариялық сөмкелер жаңартылды. Заманауи ветеринарлық құрал-жабдықтар, дәрілік тоңазытқыштар, компьютерлер, планшеттер, лазерлік термометрлер және оргтехника алынды.
Сонымен қатар, станция штатында дәрігер-терапевт, дәрігер-эпизоотолог, терапия бағыты бойынша қызметкерлер және техника жөндейтін механик лауазымдары ашылды. Мемлекеттік тапсырыстан тыс өз кірістері де жақсы деңгейде жолға қойылған.
Жалпы ветеринариялық салада 38 жылдан астам еңбек өтіп келеді.
2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, ауыл шаруашылығы министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
2003–2005 жылдардағы «Ауыл жылдары» кезеңінде ауыл шаруашылығы министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
БАҚ құралдарында, республикалық «Ветеринария газеті», Ерейментау аудандық «Ерейментау», «Ривер» газеттерінде атқарып жатқан қызметіне байланысты көптеген мақалалар жарияланды.










