"MÁŃGlLIK EL JASTARY" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында онлайн түрде «Оян, қазақ!» атты республикалық Міржақып оқулары өтті. Аталмыш байқауға Күншалған ауылдық кітапханасының оқырмандары Жанбота Курманова(сурет салу), Мадина Буканова(эссе жазу) қатысып, "Жұртым-ау қылсам еңбек, болып құлың..." өлеңін негізге ала отырып, шығармашылық жұмыстарын паш етті. Нәтижесінде көптің ішінен үздік атанып, І дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар жетекшісі Күншалған ауылының кітапханасының кітапханашысы А.С.Курманова құрмет грамотасымен марапатталды. Қатысушылар мен жетекшілерге танымдық жерлерге (музей, театр) саяхат ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды жемісті жетістіктермен құттықтаймыз!