2025 жылдық жобалар
«Ауылым алтын бесігім» жобасы
«Ауылым алтын бесігім» жобасы аясында Күншалған ауылының кітапханасында «Ауылым алтын қазынам» тарихи сағаты өткізілді. Тарихи сағатқа 5,6 сынып оқушылары қатысты. Мақсатымыз: Оқушыларды ауыл тарихымен таныстыру. Туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100051008444943
«I like book» жобасы
«I like book» жобасы бойынша кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес, сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай - ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. Ендеше назарларыңызға «Кітап оқы да, тұлға бол» жарнамасын ұсынамыз!
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Кітапханалық жобалар | ![]() |
«Book trend» жобасы
Күншалған ауылдық кітапханасының әлеуметтік желісінде «Ауыл адамзаттың алтын бесігі» тақырыбында оқырмандарымыз онлайн эссе жазды. Шараның мақсаты – шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Күншалған ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Мейірімділік жүрек жұмсартар» мүмкіндігі шектеулі жандарға газет-журнал апарып берді. Мақсаты – мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, мейірбандылыққа тәрбиелеу.
«Book trend» жобасы аясында Күншалған ауылының оқырмандары «Кешкі ертегі несімен пайдалы» атты тақырыпқа әжемнің ертегісін тыңдады. Мақсатымыз: ертегі тыңдамаған баланың тілі кеш шықпасын, өзі жасқаншақ болып өспесін, бала мен ата-ана, әжесі мен немересі арасындағы арақашықтықты жақындату.
"LikeBook" жобасы
Өлеңті ауылдық кітапханасында "LikeBook" жобасы аясында өткізілген іс-шаралар
Ерейментау аудандық кітапханасында әдістемелік - библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі қазына» жобасы аясында «Келіні жақсы үйдің - керегесі кең» атты келіндер сайысы өткізілді. Келіндер өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдар әзірлеп, сұрақтарға жауап беріп, жалпы 5 бөлім бойынша бақтарын сынады. Сайыс соңында барлық қатысушы келіндер марапатталды.