Кіру
AA+

Ерейментау ОКЖ-де Интернет жүйесін пайдалану Ережесі( ауыстыру)

 

1. Жалпы Ережелер.


1.1   Осы Интернет-залды пайдалану Ережесі  ҚР Заңнамаларына, ҚР Қылмыстық кодексіне, Берн келісіміне, Дүниежүзілік Интеллектуальді жеке меншік ұйымының авторлық құқық бойынша келісім-шартына, ҚР «Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы» Заңына, ҚР 2006 жылдың 15 желтоқсанында бекітілген  № 207-III  «Мәдениет туралы» Заңының «Кітапхана ісі»  қарастырылған 24 бабына сәйкес құрастырылды.
1.2.  Азаматтардың ақпараттық құқығын қамсыздандыру мақсатымен Ерейментау ОКЖ кең ауқымды ақпараттар көзіне қол жеткізу мүмкіндігін қолданады, оның ішінде Интернет желісін пайдалану да  бар.  Интернетке қол жеткізу барлық топтағы пайдаланушыларға білім алу, ғылыми және мәдени-ағарту мақсатында ақпараттық мұқтаждықтарды  қанағаттандыратын  кітапхана саясатының  бір бөлігі.


2.   Пайдаланушылар жұмысының тәртібі:


2.1 . Бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану арқылы пайдаланушы  Интернет ресурстарға қол жеткізу құқығын иеленеді
2.2 Пайдаланушының  өз  ноутбугын, iPhon, iPad және басқа техникасын пайдалану мүмкіндігі бар..
2.2   Пайдаланушылар Интернетті өздері жеке не кеңесшінің көмегімен пайдалана алады.
2.3.  Тегін пайдалану шегі -  30 минут, трафик шегі - 10 МБ.
2.4.  Қалыпсыз жағдай туындағанда Интернетті пайдаланушының  жұмысы ДК техникалық  ақауын жөндеу үшін уақытша тоқтатылды.
2.5.   Жұмысын бітіргеннен кейін пайдаланушы жұмыс істеген бағдарламаларды жабуға міндетті.

 

3. Пайдаланушының жауапкершілігі мен құқықтары.


3.1.  Интернет-залды пайдалану құқығын 14 жастан асқан азаматтар  кітапхананың жұмыс уақыты шегінде пайдалана алады
3.2.  Пайдаланушылар Интернет-залдың жабдықтарына мұқият қарауға міндетті. Олар қамсыздандыру бағдарламасы мен жабдықтарға материалды залал келтірсе, соған жауапты болады.   Сынған жағдайда пайдаланушы жабдықтың толық құнын төлейді. .
3.3.  Пайдаланушылар Интернет-залда  қоғамдық жердегі тәртіп Ережелерін сақтауға міндетті:  кітапхана жайында тыныштық пен тәртіп сақтайды.


4.  Кітапхананың міндеті:


Кітапхана міндетті:
4.1 Интернет желісінен азаматтардың ақпаратты алу құқығын қанағаттандырады.
4.2  Интернетті тегін пайдалану мүмкіндігіне жағдай жасайды.
4.3  Интернеттен қажетті ақпаратты табу және іздеуді бағдарлауға көмектеседі.
4.5  Интернет желісін пайдаланушыларға мәдени қызмет көрсетілуін қамсыздандырады.
4.6  Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қалыптастырады.


5.  Кітапхананың жауапкершілігі:


5.1.   Интернет желісіне қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін туғызады;
5.2.  Кітапханада Интернет желісін пайдалану Ережесін құрастыру, оны оқырмандарға жеткізуге жауапты;
5.3.   Электронды ресурстарды насихаттау;.


6.  Кітапхана келесі мәселелер туындағанда жауапты емес:


6.1.  Байланыстың сапасыздығы мен мүлде болмағанына.
6.2. Интернетте оналастырылған ақпараттың ақиқаттығы мен тегін пошта қызметтерінің ақауларына жауап бермейді.
6.3.   Деректердің қатты дискілерде сақталуына жауапты емес. Пайдаланушының  мұрағаты өзіне хабарландырылмай-ақ жойылады.
6.4 .  Пайдаланушылардың қате әрекеттерінен туындаған зардаптарға, жеке ақппарат тасымалдаушыларға (дискет, CD, флэш)  жазылған ақпараттың  сапасына жауап бермейді. 


7.  Пайдаланушыларға тыйым салынады:


7.1.   Компьютерлік ақпарат ортасына қатысты  ҚР Заңнамаларына, ҚР Қылмыстық кодексіне,  жеке меншік саласын реттейтін  ұлттық заңнамалар мен халықаралық келісімдердің нормативті құқықтық актілерінің баптарына (Берн келісіміне,   Дүниежүзілік Интеллектуальді жеке меншік ұйымының авторлық құқыққа бойынша келісім-шартына, ҚР «Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы» Заңына қайшы келетін қылмыстық әрекеттер жасауға тыйым салынады .
7.2.  Серверлер мен  тораптың жүйелік жабдықтарын рұқсатсыз  пайдалануға тыйым салынады.
7.3.  Әкімшіліктің келісімінсіз орнатылған қамсыздандыру бағдарламасын қайта орнату не толықтыруға тыйым салынады.
7.4.  Қалыпсыз жағдай туындағанда дербес әрекеттер қабылдауға тыйым салынады: желі жұмысында ақау болса, электроэнергиясы сөніп қалса, бағдарламалық және апараттық қамсыздандырудан проблемелер туындаса. 
7.5.  Копмьютерлік жабдықтарды құмар ойын ойнауға пайдалануға (интернет-казино, тотализаторлар және осы іспеттес интернет-ресурстар).
7.6.  Интернет-залдағы компьютерлерге өздігімен бір жабдықты қосу не ажыратуға, сонымен қатар компьютерді ашуға тыйым салынады.
7.7.  Коммерциялық қызмет көрсету мақсатымен Интернет ресурстарды пайдалануға тыйым салынады.

Навзар салыңыз! 
Қоғамдық тәртіп бұзу және жоғарыда айтылған Интернет-залды пайдалану Ережелерін бұзған жағдай оқырманды Интернет-залды пайдалану құқығынан айыруға жеткілікті негіз бола алады.