Мандаев Нұртас Боранбайұлы 1968 жылы 28 шілдеде Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қызыл ту ауылында дүниеге келген.
1983-1987 ж.ж. Целиноград «Автомобиль көлік техникумында» автомобиль жолдарын салу және пайдалану мамандығы бойынша техник-құрылысшы біліктілігіне ие болды. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ерейментау ЖПУ 15 жол жұмысшысынан бастады, одан әрі 1987 жылдан Ерейментау ауданы Торғай совхозының ЖКС құрылыс шебері лауазымына қабылданды. 1990 жылдан бастап Ерейментау аудандық Агропромстройының тиеу-түсіру жұмыстары шебері лауазымына қабылданды. 1993 жылыаға экспедитор лауазымына ауыстырылды.
1994 жылы «Жансұлу» шаруа қожалығын басқарды.
1998 жылы Ерейментау бекетіне отын қоймасының бастығы болып қабылданды, ал 2000 жылы «ДВ Консалтинг ЛТД» ұйымына пайдалану жөніндегі бас механик болып жұмысқа қабылданды.
2002 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Кәсіпкер және Ерейментау қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесіретіндемүгедектерге,көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тұрақты негізде көрсетеді. Ерейментау ауданының медицина, спорт және білім салаларына қаржы бөледі.
«Ерейментау-Агро кредиттік» серіктестігі басқармасының мүшесі бола отырып, өңірде ауыл шаруашылығы мен қайырымдылықтың дамуына ықпал етеді.
2012 жылдан бастап «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі.Ақмола облысы ,Ерейментау аудандық мәслихатыныңV, VI,VII шақырылымының депутаты болып сайланды. Сонымен қатар, Ерейментау ауданының бюджеті және қаржысы, экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып қызмет атқарды. 2021 жылы Ақмола облыстық маслихатына партиялық тізім бойынша үміткер болды. 2021 жылдан бері Ерейментау қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болған,қазіргі таңда Ерейментау ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Агротехникалық колледж» қамқоршылық кеңесінің төрағасы.










