Бегалинов Абай Құрметұлы
Бегалинов Абай Құрметұлы 1964 жылғы 1 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. Анасы — Бегалинова, әкесі — Бегалинов Құрмет. Отбасында сегіз перзент тәрбиеленген. Әкесі Бегалинов Құрмет «Еңбек ері» орденімен марапатталған.
1981 жылы Торғай ауылындағы 10 жылдық орыс сыныбын аяқтап, Торғай ауылындағы СПТУ-ға қабылданады. Оқуды тәмамдаған соң әскер қатарына шақыртылады.
1982–1984 жылдары Отан алдындағы борышын өтейді.
1985 жылы оқу іздеп Алматыға аттанады.
1986 жылғы 16 желтоқсан күні алаңға барып, 21 желтоқсан күні қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіледі.
1989 жылғы қараша айында жарына үйленіп, отбасын құрады. Қазіргі таңда екі ұлдың әкесі, бес немеренің атасы.
2008 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, құрылыс саласында еңбек етеді. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады.
2021 жылы қайтадан өтініш беру арқылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны екендігін дәлелдеп, ақталды.









