Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай Ерейментау аудандық кітапханасы мен Бөгенбай батыр атындағы Ерейментау тарихи-өлкетану музейімен бірлесе ұйымдастыруымен салтанатты әрі тағылымды іс-шара өтті. Аталмыш мәдени шара аясында Агротехникалық колледжінің 1-курс ОП-1-1 және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» топтарының студенттері арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тартысты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.









