Кіру
AA+
Аудандық кітапханада Отбасы күніне орай өнегелі де жылы жүздесу өтті. Шараның басты қонағы – «Болашақ» балабақшасында 15 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан ардақты ардагер Иманова Бикеш Надырханқызы болды. ​Бикеш апай отағасы Иманов Жақия Қабылбекұлымен бір шаңырақ астында 41 жыл бойы тату-тәтті өмір сүріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген аяулы ана. Сыр-сұхбат барысында ол кісі отбасылық жарасымдылықтың сырымен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі маңызды құндылықтар мен жастарға айтар тағылымды кеңестерімен бөлісті. ​Өнегелі отбасының тәжірибесі мен жылы лебізі оқырмандарға ерекше әсер сыйлады деген үміттеміз.