Ерейментау ауданы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының биік шыңы, жүректерге мәңгілік жыр сыйлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали - жүректен жыр төгілген» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып, Мұқағали поэзиясына деген ерекше құрметтері мен сүйіспеншіліктерін көрсетті. Кеш көрермендерге рухани әсер сыйлап, поэзия әлеміне жетелеген тағылымды шараға айналды.









