Кіру
AA+

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Ерейментау аудандық кітапханасы №1 негізгі орта мектеп оқушылары арасында «Өлеңі мәңгі, жыры өлмес» атты библио-батл өткізді.
Шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін сынады. Қатысушылар арасында Kahoot ойыны ойналып, арнайы дайындалған сұрақтар қойылды. Оқушылар жылдам әрі дұрыс жауап беріп, өзара белсенділік танытты.
Іс-шара жас ұрпақтың ақын мұрасына деген қызығушылығын арттырып, білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.