Кіру
AA+

Ерейментау ауданы "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ ұйымдастыруымен Ерейментау ауданының құрметті азаматы, «Үздік өлкетанушы» төс белгісінің иегері, мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагер Әдірешев Манап Бектасұлының «Елдіктің бастауы, ерліктің дастаны – Ерейментау» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы және елге сыйлы аға-буын өкілдері қатысты. Кітап авторы туған елінің тарихи мұрасын зерделеп, рухани азық болар туындыларымен бөлісіп, келешек ұрпаққа рухани байлық қалдыруда.