Аудандық кітапханада балалар кітапханасымен бірлесіп «Ауған соғысы - тарих қойнауының бір парағы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Тағылымды шараның басты мақсаты - Ауған соғысына қатысқан азаматтардың ерлігін дәріптеп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар майдангерлердің өмір жолымен танысып, олардың естеліктерін тыңдап, бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер - тарихты ұмытпай, ел үшін қызмет еткен жандарға құрмет көрсетудің жарқын үлгісі.









