Кіру
AA+
Ерейментау аудандық кітапханасы Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп, Ұлттық домбыра күніне орай Жастар ресурстық орталығының белсенділері мен «Атамұра» мектебінің қатысуымен «Домбыра – ұлт рухының үні» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында музыка мектебінің оқушылары күй орындап, ата-әжелеріміз домбыраның тәрбиелік мәні мен ұлттық құндылығы туралы ойларымен бөлісті.