Кіру
AA+
Ерейментау аудандық кітапханасында «Біз өмірді таңдаймыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, жастар ресурстық орталығы, Ерейментау полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің кіші жедел уәкілі, полиция аға сержанты Алиакпаров А.Е. қатысып, дөңгелек үстел барысында оқушылармен тиісті профилактикалық бағыттағы ақпараттарымен бөлісті. Шара барысында оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Жаман әдеттерден аулақ болуға шақыратын профилактикалық бейне роликтер көрсетілді.