«Кітап инсталляциясы» және «Бір кітап - бір пікір» буккроссинг алаңы Ерейментау аудандық кітапханасында өтті.
Агротехникалық колледждің Оп2-1, С1-1, С3-2 топ студенттері қатысып, өздері қызыққан кітаптарды таңдап, шағын үзінділерін оқып, пікірлерімен бөлісті.
Студенттердің қатысуына тәрбие жұмысы жөніндегі басшы орынбасары Муратова А.Т. жетекшілік етті.
Қатысушыларға кофе-брейк тәттілер ұйымдастырылды.
Шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті









