"Азаттықтың ақ таңы - Тәуелсіздік" атты рухани - танымдық кездесу кеші Ерейментау аудандық кітапханасында өтті.
Шараға Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Нұрлан Зияденұлы, аудан әкімінің орынбасары Ғабды - Сабыр Мұхамедди, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сапар Ибрагимұлы, сондай - ақ "Атамұра" мектебінің мүшелері, Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейінің кітапханашысы мен оқушылары, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Күльпан Тилеулиевна қатысып, жастармен жүрекжарды әңгіме өрбітті.
Кітапхананың библиографы Арайлым Қайратқызы "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты кітап көрмесіне мазмұнды шолу жасады.
Кеш барысында тәуелсіздік жолындағы күрестің тарихи маңызы, бүгінгі ұрпақтың ел алдындағы парызы мен Отанға деген сүйіспеншілік жайлы тағылымды ойлар айтылды.
Жастар Желтоқсан оқиғасына қатысты тың деректермен танысып, Тәуелсіздіктің қадірін терең сезінді.
Кеш аудандық мәдениет үйінің әншісі Қуанбай Нұрболаттың орындауындағы "Туған жер" әнімен қорытындыланды.









