«Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында ұйымдастырылған
«Ауылымның тарихынан сыр шерткен деректер» атты ғылыми-танымдық конференция жоғары деңгейде өтті
Конференцияға Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицей 7–8 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы қатысты. Оқушылар «Тарих – өткеннің жаңғырығы» тақырыбында мазмұнды баяндамалар оқып, туған өлкенің шежіресіне терең үңілді.
Іс-шара барысында қызықты әрі танымдық Kahoot ойыны ойналып, білім сайысы ерекше көңіл күй сыйлады
Өткенін құрметтеген ұрпақтың болашағы жарқын!
Ауыл тарихын танып-білу – әрқайсымыздың парызымыз.









