Кіру
AA+

Ана сүтімен балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында Ерейментау ауданы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тілдер онкүндігінің ашылуы өтті.  Аталмыш шара тартымды, әрі қызықты өту үшін аудандық кітапханашылар арасында сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сайыс «Бәйге», «Ойлан, тап!», «Кім жүйрік?» атты 3 кезеңнен тұрды. Бұл жарысқа 18 кітапханашы 3 топ болып қатысып, шеберліктерін ортаға салып, өзара бәсекеге түсті. Сайыс қорытындысы бойынша «Тіл жанашыры» тобы 1 орынды, «Алаш» тобы 2 орынды және «Тіл білгірі» тобы 3 орынды иеленді.