Қызмет көрсету бөлімі
Бөлім қызметкерлері: Альмаганбетова Жібек Хасанқызы
Касенбаева Адель Ақажанқызы
Тел. 8 (71633) 22753
Абонемент – жұмысы қызу бөлім, оның қоры 39823 дана әмбебап мазмұнды кітаптардан тұрады. Оқырмандар назарына барлық білім салаларын қамтитын әдебиеттер, анықтамалар, әлемдік көркем әдебиет мұралары – антикалықтан қазіргі заманға дейінгі шығармалар, фантастика, детектив, қазақ, орыс, шетел классиктерінің, шығармалары ұсынылған.
- Көркем тақырыптық көрмелер, кітап топтамалары, жаңа әдебиеттермен, жылдың мерейгер жазушыларымен таныстырады.
- Абонементте жасөспірімдерге әдебиет беретін кафедра ұйымдастырылған.
- Бөлімнің кітапханашылары оқырмандарға қажетті тақырып бойынша кітап таңдауға көмектесуге, суретті көркем кітаптар көрмесіне шолу жасауға әрқашанда дайын.
- Мұнда әртүрлі тақырыптағы 18 мерзімді басылымдар материалдарымен танысуға болады.
- Бүгінгі күнде оқырмандарға атаулы мерзімді басылымдар ұсынылады.
- Оқырман залында тақырыптық, әдебикештерде, «дөңгелек үстел» басындағы кездесулерде оқырмандар Ерейментау ауданының ақындары мен елеулі азаматтарымен кездеседі. Өз топтамаларын мазмұнын толық ашу үшін оқырман залында әдебиетті ашық қарау сөрелерін, республика тынысынан сыр шертетін кітап көрмелері ұйымдастырылады
- Мұнда Сіз «Мұрагер» клубының мүшесі бола аласыз. Клуб мүшелері үшін қызықты, жылы кездесулер, кештер өткізіледі.
- Қызмет көрсету секторында жайлы да ыңғайлы жағдай жасалған.