Кіру
AA+

Бүгін Аудандық мәдениет үйінде Ерейментау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-сі ұйымдастыруымен "Тілдерді оқытуға жаңаша көзқарас және педагогикалық технологияларды қолдану тәсілдері" атты өңірлік семинар кеңесі өтті. Осы іс-шараға Ерейментау аудандық кітапханасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына "Еліміздің тарихи шежіресі", "Тіл тұтастығы - ел тұтастығы" атты кітап көрмелерін ұйымдастырып, кеңейтілген шолу жасалды.