Ереймен жерінің тарихына сүйенсек түрлі дара ғұлама, би, шешен, ақын, әнші, жүрегі кең жақсыларға мекен болған қасиетті аймақ. Осындай киелі, бай жерде туған, ерекше дарынға ие асыл жандар әлі де ортамызда жүр десек болады. Солардың бірі білім саласының еңбек сіңірген ұстазы, мәдениет қызметкері, шығыс халық медицинасының магистрі, діни тәлім - тәрбие беру жолындағы насихаттаушы Бақтыбаева Майдан Бақтыбайқызының "Табиғи қанатым" атты кітабының тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті.
Осы кеште Майдан апамыз, өзінің өмірімен байланысты болған шығармашылық жолын айтып, ұйымдастырылған кітап көрмелерімен таныстырып, келген қауымды өз еңбек жолымен тәнті етті.