21-маусым күні Олжабай батыр ауылдық кітапханасында жерлес ақын Сейтхан Барданбайұлының «Сырымды айтам...» кітабының тұсаукесері өтті.
Туған жер, атажұртты жырына арқау еткен қаламгердің кітабы көпшілік оқырманның көңілінен шығады деп ойлаймыз.
Шараға мәдениетіміз бен тіліміздің жанашыры, өлкетанушы Әдірешов Манап Бектасұлы, Ерейментау аудандық «ОКЖ» директоры Садвакасова Динара Балтабайқызы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімі Хавджалел Хасамхан, ауыл ақсақалдары және тұрғындары қатысты.