Кіру
AA+

Ерейментау аудандық кітапханасының алаңында жергілікті жас ақын Адель Ақажанқызымен “Сырлы қалам” атты кездесу кеші өтті. Іс - шара барысында жас ақынның “Менің әлемім” атты кітапшасы таныстырылып, келген қонақтарға библиографиялық бөлім жасаған арнайы бүктемелер таратылды.
Шашумен бастау алған кеш, кітапта жазылған өлеңдердің оқылуымен, гитарада ән салумен жалғастырылып, келген қонақтардың жылы лебіздерімен аяқталды.
#Сырлықалам