20 қаңтар күні Аудандық кітапхана іргесінде Ерейментау аудандық ішкі саясат бөлімімен, Т.Шаханов атындағы №2 мектебімен бірлесе отырып “Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті” атты адалдық сағаты өтті. Іс шарада Канафин Н.М. тақырыпқа сай буклет таратып, қысқаша деректер айтып өтті. Кітапхана қызметкері Альмагамбетова Ж.Х. жемқорлықпен қарсы күрес туралы мәлімет берсе, жемқорлықтың зияны туралы бейне-слайд тамашалаған Т.Шаханов атындағы №2мектеп мектеп оқушылары өз пікірталастарын ортаға салды.