Кіру
AA+
Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.
Осыған байланысты 2022 жылдың 19 қазан күні «Сыбайлас жемқорлық барша қоғамның жауы» атты адамгершілік сағаты ұйымдастырылды. Шараға Н. Смағұлов атындағы лицей- мектебінің кітапханашысы және 6 сынып оқушылары қатысты.