Кіру
AA+

Ерейментау ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі 27 ақпан күні Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай өтетін «Шәкәрім оқуларының» аудандық кезеңін өткізді. Байқауға жасөспірімдер, балалар және ауылдық кітапханалардан 15 оқушы қатысты. 5-7 сынып оқушыларының арасында өткен байқауда:

І орынды – Күншалған ауылдық кітапханасынан қатысқан 5-сынып оқушысы Мақсұтбекқызы Шуақ, жетекшісі Құрманова Асем Серікпаевна;

ІІ орынды – Бестоғай ауылдық кітапханасынан қатысқан Орынбекова Ақбөпе, жетекшісі Аркенова Айгүл Темешқызы;

ІІІ орынды – Еркіншілік модельді кітапханасынан қатысқан Әділжан Бекарыс иеленді, жетекшісі Дәулет Ерлан.

Және ынталандыру сыйлығымен Ақмырза ауылдық кітапханасынан қатысқан Қалимұрат Айзере марапатталды, жетекшісі Онгарова Алматай Байкенқызы.

Қанат Асылнұр, Қадылбекқызы Жазира, Абжиков Расул, Алпыс Ілесбек сынды қатысушылар ерекше мәнерімен көзге түсті.

І орынды иеленген Шуақ Мақсұтбекқызы байқаудың облыстық кезеңіне қатысады. Сәттілік серігіңіз болсын!

Қатысушылар мен оқушыларды дайындаған жетекшілеріне байқаудың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқандарыңызға алғыс айта отырып, шығармашылық табыстар мен толассыз оқырмандар тілейміз!