21/10/2022 жылы Республика күніне орай Ерейментау аудандық пробация қызметі, Ерейментау аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және профилактикалық тіркеуде тұрған азаматтар аудандық кітапханада ұйымдастырылған "Республика! Ерікті ел Қазақстан!" атты іс-шараға қатысты. Шара барысында аудандық кітапхананың ішіне, кітаптар қорына кітапханашымыз Антонина Сергеевна шолу жасап, кейіннен Республика күніне арнап дайындалған кітап көрмесімен таныстырды. Шарамыз "Көк тудың желбірегені" әнімен сүйемелденді.