Кіру
AA+
Адам баласының жол бастар ақылшысы, ұлт руханиятының қайнар бұлағы кітап - асыл қазына екені көпшілікке мәлім. Кітапсыз қоғамда, білім де, мәдениет те болуы мүмкін емес. Ғасырлар бойы жинақталған мұраны келер ұрпаққа жеткізуші, уақытпен санаспай санаға рухани байлық сыйлайтын – кітап, оны сақтаушы кітапхана - ғылым мен білімнің жаршысы.
Қазіргідей жаңа технология қарыштап дамыған кезде дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсетумен қатар, күнделікті кітапхана қызметінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдалана отырып, жаңа инновациялық технологияларды енгізу, іске асыру мақсатында кітапхана қызметкерлері қызмет көрсету аясын жаңаша үлгіде қамтамасыз етуге ұмтылуда.
Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Еркіншілік ауылдық кітапханасына, Олжабай батыр ауылдық кітапханасы « Модельді ауылдық кітапханалар» мәртебесіне ие.
«Модельді кітапханада» оқырмандар ғаламтор желісімен арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс жасай алады.
Салатанатты шараны аудан әкімі Альжанов Абай Еламанұлы және Ерейментау ауданының құрметті азаматы Канафин Сабыр Бектұрсынұлы ашты.
Өз кезектерінде ауыл ардагерлері мен тұрғындары, оқушылары ғаламтор желісіне кіріп бір мезетте, заманауи кітаптарды оқуға мүмкіндік алатындықтарына қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына сәттілік, жемісті еңбек тілей отырып, жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған кітапхананың оқырмандарының көбейе беруіне тілекшіміз.