Кіру
AA+

Бүгін аудандық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жасөспірім кітапхана қызметкерімен "ОКЖ" ақпараттық библиографиялық бөлім "Ғибрат" әжелер мектебінің ұжымы мен ардагерлер кеңесінің төрайымы Қарашаш Елюбаевнамен бірлесіп кең ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды . Іс шара екі кезеңнен тұрды. Кітапхана ішінің таныстыру барысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрме инсталляциялары мен кітап көрмесіне ел тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуына және де жеткен жетістіктерімен табыстарын баяндайтын кітаптар қойылды. Қазақстан мемлекетінің түркі қағанаттары алтын орда мен ақ орданың және қазақ хандығының кітаптары қойылып, сондай -ақ Алаш арыстары Ә.Бөкейханов, М. Дулатов т.б жетекшілік еткен ұлт зиялылары жайлы зерттеулермен кітаптар көрмеде орын алды. 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасындағы бейбіт шеруді қолдаған Қазақстанның әр өңіріндегі белсенділер туралы кітаптар жинақталған. "Нұр-Сұлтан Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы" мұнда Қ.Р Тұңғыш президенті Елбасы Назарбаевтің бастамалары мен идеялары туралы материалдар , кітаптар ұсынылды. Аталмыш көрмелермен жасөспірім кітапханасының кітапханашысы Жадра Сайлаубековна толығырақ таныстырып өтті.
Екінші кезеңде халықтың рухани мұратына қызмет еткен Ереймен еліне атақты ақын , жазушы бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан талантты жерлесіміз Әдебиет Байдолда атамызбен "Жүрек жарды жырларыңыз үшін мың алғыс !" атты сыр сұхбат кешін "ОКЖ" ақпараттық библиографиялық бөлімінің қызметкері қызықты сұрақтарға, ұтымды жауап алды. Іс шара соңында "Ғибрат" әжелер мектебінің жетекшісі Жаниева Т.Ж. және ардагерлер кеңесінің төрайымы Қарашаш Елюбаевна жылы лебіздерімен бөлісіп, жыр әлеміндегі туындыларымыз ешқашан сарқылмасын деген ниетпен іс шара қортындыланды.