Кіру
AA+

 

Сонымен қатар "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға 100 пайыз қолдау көрсетіліп, барлық шығармаларын жариялау туралы шешім қабылданды. Алаш арыстарын осылай ардақтаған аяулы тұлғаның өмір жолы мен еліне сіңірген өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында Ерейментау аудандық кітапханасы "Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға" атты әдеби сағатын назарларыңызға ұсынды. Кітапханада Ахмет Байтұрсыновтың бұрышы ашылып, исталяциялық көрме ұйымдастырылды. Іс шараға Бөгенбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы бастаған 10 сынып оқушылары мен ұлы ұстаз, ардагер, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Күміс Мұхамеджанқызы қатысуымен өте ауқымды бір іс шара өтті.