2025 жылдың 28 сәуір күні Ерейментау ауданы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еркіншілік ауылдық модельдік кітапханасында мәдени, рухани және жан азығы болатын «Коворкинг орталығының» ашылу салтанаты болды. Қонақтарды күмбірлеген күймен «Үкілі домбыра» ансамблі және арнау өлеңімен Серікбол Сәттібек қарсы алды.
Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы салтанатты шараға жиналған барша кітапсүйер оқырмандарды орталықтың ашылуымен құттықтай отырып, ізгі тілегін білдірді.
Коворкинг орталығының Лента кесу рәсімін Аудан әкімі Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы мен Еркіншілік модельдік ауылдық кітапханашысы Бейсенова Галина Прановна және жергілікті ақын Әскербек Байдилдин жасады. Ақжаулықты әжелеріміз шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды. Кітапханашы Жантуарова Айгерім кітапханаға шолу жасап, мерейтой иелері мен атаулы күндерге тоқталып өтті. Ауыл ағалары ризашылықтарын білдірсе, ақындарымыз арнау өлеңдерін оқыды.Кітапхана іші көркем безендіріліп, заманауи жиһаздармен және құрылғылармен жабдықталған.