Кіру
AA+
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Қарттар айлығына орай аудандық кітапхана “Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария” атты мерекелік дөңгелек үстел өткізді. Бірге ән шырқалып, дария қарттарымызбен би билеп, жан жылуын сыйлар кеш өтті деп айтуға болады.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Сіздерге көптен көп рахмет!