Кіру
AA+

Жас ұрпақты адамгершілік, жасампаздық, патриоттық үлгіде тәрбиелеуде өз еліміздің, жеріміздің құрметтеуге лайық азаматтары мен қаһармандарын еске алу, қадірлеу және олардың ерлік жолдарын оқырманға паш ету –кітапхана парызы деп білеміз. Сол себепті 14-ақпан күні жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Л.К.Сырымбетова мен К.Б.Асаинованың ұйымдастыруымен, Ауған соғысы ардагерлерімен «Қажетсіз соғыстың қасіреті» атты дөңгелек үстелі өтті. Шараға аудан әкімі А.Е. Альжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әжібайұлы, мектеп оқушылары және арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Ардагерлермен сұхбат жүргізіліп, шара барысы аудандық мәдениет үйінің қызметкері А.Алдасүгіровтің жанды дауыста ән шырқауымен, мектеп оқушыларының дайындаған поэзиялық композициясымен және аудандық кітапхана қызметкері Г.Қайыргелдінің «Ауған алауы жадымызда» атты кітап көрмесін таныстыруымен жанданды.