Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар тоғысқан күнімен құттықтаймыз. Осы мерекелерге орай Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аудандық кітапхана қабырғасында «Еңбек ерлікке бастайды» деген тақырыпта ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау мақсатында сыр сұхбат кеші өткізілді. Кеш қонағы білім саласының үздігі, Ыбырай Алтынсарин медаль иегері Күміс Мұхамеджанқызы. Осы іс шараға ардақты да аяулы ұстаздардан үлгі-өнеге алған ұстаздарының сенімдерінен шығып, талай биіктерді бағындырған Күміс Мұхамеджанқызының шәкірттері Төлеу Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі пәнінің ұстазы Нұрлыбек Мұратбекұлы, маслихат депутаты Шошанов Әлімжан Қайратұлы кеш қонақтары болды. Сонымен қатар Бөгенбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары да ардагер ұстаз жолын үлгі тұту мақсатында кеш көрермені болды. Сыр сұхбат барысында әсем өлең де айтылып, жанды жылытар әңгіме қозғалып, жағымды кездесу өтті.