06.04.2023 ж Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының аясында Дарынды балаларды ынталандыру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу мақсатында аудан әкімі Абай Еламанұлының қатысуымен «Дарынды бала – дара бала» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шарамызға аудан мен ауыл мектептерінің республикалық, облыстық деңгейде жетістікке жетіп жүрген оқушылары Вебер Дмитрий, Мақсұтбекқызы Шуақ, Хилько Дамир, Тресцов Владислав, Серікболатұлы Сәттібек, Қожахмет Айзере- Румейса сонымен қатар түзеу кабинетінен Максимова Эвелина, Максимов Матвей, Ямпольский Ратмир, Солопеко Стас атты басты кейіпкерлеріміз қатысты. Шара барысы аудан әкімі Абай Еламанұлының құттықтауымен басталса, өздерінің бойына табиғат берген талантын шыңдап жүрген оқушыларымыз қошеметпен ортаға шығып, өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды.
Балалар мен жасөспірімдер апталығы аясында әзірленген кітап көрмесіне Өлеңті ауылдық кітапхана қызметкері Жадыра Сабырқызы кеңейтілген библиографиялық шолу жасап өтті. Аудандық кітапхана әдіскері Адель Ақажан оқушыларымызға арнап Ерейментау ауданы бойынша интеллектуалды «Квест» ойынын да өткізіп, оқушыларымыз білмегендерін жадына сақтап алды.
Еліміздің ертеңі болар оқушыларымызға аудан әкімінің атынан сый-құрмет көрсетіліп алғыс хатпен марапатталды.