«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып таңдалған 30 үздік шығарманың ішінде жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың «Желқайық» романы жалпыхалықтық оқуға ұсынылған еді. Осы орайда аудандық кітапханасында, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау мақсатында – жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Тұрысбек Сәукетаевтың «Желқайық» кітабына арналған жанды кітап форматында онлайн шолу өткізілді.