Кіру
AA+

Белгілі қазақ ақыны Қадыр Мырза-Әлидің туғанына 85жыл толуына орай Бозтал ауылдық кітапханасында «Балалар әдебиетінің Бәйтерегі» атты шығармашылық кеш өткізілді. Қадыр Мырза- Әли – қазақ балалар поэзиясын өркендетуге мол үлес қосқан қаламгер. Ақынның өмірбаяны мен шығармаларынан жиналған мәліметтер туралы, оқырмандарға кітапханашы баяндап берді. Кітапханада «Ұлы ақын» атты көрме ұйымдастырылды және келген оқырмандарға шолу жүргізілді. Қадыр Мырза -Әлидің қанатты сөздерімен таныстырылды. 5-6 сынып оқушылары мәнерлеп өлеңдерін оқыды. Ауыл тұрғындары Қадыр Мырза - Әлидің сөздеріне жазылған әндерін орындады.
Қатысқандар саны – 14