Жергілікті кітапхана ұжымы да Балалар жылы аясында бірқатар шараларды ұйымдастыруды қолға алды. Соның бірі «Білімді бала – ел болашағы», «Әдістемелік нұсқаулар және жұмыс жетістіктері» атты аудандық семинар. Ерейментау ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ұйымдастырған шара 7-қазан күні Тілдерді дамыту орталығы залында және «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де өтті. Аталмыш семинар екі бөлімді құрады.
«Білімді бала – ел болашағы» атты бенефис шоу форматындағы шараның бірінші бөлімі аудандық кітапханамыздың оқырманы, жергілікті жас ақын, жазушымыз Дмитрий Вебермен кездесу кеші ретінде басталды. Кездесу барысында балалар кітапханашысы Хасенова Г.А. жас дарынға қызықты сұрақтар қойып, көрермен қауым қаламгеріміздің шығармаларымен таныс болды.
Сонымен қатар бірінші бөлім Еркіншілік модельді ауылдық кітапханасының орта буын оқырманы Владислав Тресцов атты жас суретші туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, кішігірім сұхбат жүргізумен өрбіді. Владислав Сергеевичтың сурет сабағы бойынша жетекшісі Ларина Виктория шәкіртіне жылы лебізін білдірді.
Бенефис шоу қорытындысы ретінде жас дарындар алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Жиналған көрермен балаларға сарқылмас шабыт тілеп, ізгі тілектерін жеткізді. Аудандық кітапхана әдіскері Касенбаева Ә.А. балалар жылына арнап шығарған өлең жолдарын оқып берді.
Аудандық семинардың екінші бөлімі «Әдістемелік нұсқаулар және жұмыс жетістіктері» атауымен жалғасын тапты. Аудан кітапханашыларының қатысуымен өткен жиналыста жұмыс барысы бойынша пікір алмасу және нұсқаулықтар ұсынылды.
Әдебиеттерді өңдеу және жинақтау бөлімі қызметкері Омирбаева Г.С. «Жинақтау бөліміндегі кітапханашының жұмысы» атты слайд-презентациямен таныстырып өтті.
Семинар әдістемелік-библиографиялық бөлім қызметкерлері Альмагамбетова Ж.Х. және Касенбаева Ә.А. «Библиографиялық жұмыстың бағыттары», «Әдістемелік нұсқаулар және жұмыс жетістіктері» атты бейне-презентацияларын ортаға ұсынып, пікір алмасумен жалғасын тапты.
Ерейментау «ОКЖ» КММ басшысы Садвакасова Д.Б. аудандық семинарды қорытындылай келе, алдағы уақытта әріптестеріне толағай табыстар тілеп, кітапхана ісін көркейту барысында талмай еңбек ету басты міндет екенін айтып өтті.
«Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім» екенін ұмытпаған абзал. «Балалар жылында» кітапхана өз оқырмандарын асыға күтеді.