Кіру
AA+

24 қаңтар күні Ерейментау аудандық кітапханасы жаңа дербес ғимаратқа көшірілуіне байланысты ашылу салтанаты өткізілді. Ғимараттың ашылу рәсімінде Ерейментау ауданының әкімі Абай Еламанұлы мен Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайлау Қабыкенұлы салтанатты түрде лентаны кесіп кітап сүйер оқырман қауымға, кітапхана есігі сол мезеттен бастап ашық екенін зор қуанышпен айтып құттықтады. Шара барысында шашу шашылып, ән - күй шырқалды. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Гүлшат Мұратқызы келген қонақтардың назарына кітап көрмелерін ұсынып, шолу жасады. Келген қонақтар кітапхананың ішкі бөлімдерімен танысты. Кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Олай болса мәдениет ошағының жастарға тигізер пайдасы өте зор деп білеміз. Іс-шара қонақтарының саны: 26