Кіру
AA+

05.02.2020 ж. жергілікті өлкетанушы Мейрам Сарсетұлымен аудандық кітапханасында сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Ол ел тарихын, өлке шежіресін зерттеу барысында нақты дәлелдер тауып, өткенімізді жаңғырту үстінде еңбек етуде. Кітапханашы Тлеукенова Гүлшат Мұратқызы атамызбен сұрақ-жауап арқылы сұхбат жүргізді. Атамыз өмірбаянымен, қызыққа толы еңбек жолдарымен тартымды етіп баяндап берді. "Ұрпаққа үлгі болар тұлға" атты арнайы қойылған ауқымды тарихи кітаптарына тоқталып өтті. Туған жерінің қадір қасиетін бағалай білетін атамыздың "Қанжығалы Лабашы-Пұшқантай руларының тарихы мен шежіресі және эссе, әңгімелер мақалалар", "Сағыныш немесе Мақажан ақсақалдың архивінен", "Ескерткіш Ғалиакпарға", "Сыр әуені" және соңғы шыққан "Дала мен қала ескерткіштері" атты жинақ кітаптары біздің кітапханада бар екенің атап өттік. Жергілікті Бөгенбай өлкетану мұражайынан алынған атамыздың шығармашылығы мен өміріне күнделікті қолданылғанжеке заттары да қойылды. Мазмұнды шараға ауылдық кітапхана мамаңдары қатысты. Сөз соңында кітапханамыздың директоры Садвакасова Динара Балтабайқызы атамызға алғысын білдіріп бағалы сыйлық табыстады.

Жергілікті өлкетанушы Мейрам Сарсетұлымен тартымды өткен сұхбатқа кітапхана мамаңдары дән риза болып тарасты.