Ерейментау аудандық кітапхана қабырғасында Төлеу Шаханов атындағы №2 мектебінің кітапханашысымен бірлесе отырып, 6 сынып оқушыларының қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған іс шара өтті. Шара барысында аудандық кітапхана кітапханашысы Бағдат Мәжітқызы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен шығармаларына тоқталып, көрме инсталяциясымен Жібек Хасанқызы таныстырып өтті. Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы жайлы дайындалған бейне баян ұсынылды.