31 мамыр Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл қастерлі кезеңді еске алу күніне орай аудандық кітапхана қызметкерлері "Тарих пен тағдыр" атты естелік сабағын өткізді. Осы шараға қуғын -сүргін жылдарына бала кезінен куә болған Валентина Александровна Калиновская және жергілікті өлкетанушы, тарихшы, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Ібекенов Баязит пен Жаңабаев Қайненің ұрпағы Әдірешов Манап Бектасұлы шақырылды. Осы үлкендеріміздің бастан кешкен сол кездегі оқиғаларын естіп білсін деген мақсатта АЖС 2 -1 курс студенттері де шақырылып, қатысты.