Ерейментау аудандық кітапханасы жастар ресурстық орталығымен бірігіп 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кешін өткізді. «31-мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні», «Зұлмат жылдар қасіреті» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, аудандық кітапхана ауласына көне экспонаттармен безендірілген «Ұлт қасіреті» атты инсталляция орнатылды. Еске алу кешіне аудан әкімі Альжанов Абай Еламанұлы Ерейментау аудандық «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Адрешев Мәнап Бектасұлы шақырылды. Сонымен қатар қуғын сүргінге ұшыраған отбасылардың мүшелері: Энгель Татьяна , Поль Анатолий, Старцева Мария, Изотова Екатерина, Островская Галина және т.б шақырылып,қонақтар дөңгелек үстелде өз басынан өткен оқиғаларды айтып берді. Кеш соңында жанды тербер ән айтылып, естелік суреттерге түсті. Келешек ұрпақ бұл тарихи күндерді ұмытпай, есте сақтаулары тиіс деп ойлаймыз.
«31-мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні» көрмесі тарихи жылдың суреттерімен, құжаттарымен, тақырыптық өлеңдерімен безендірілді. «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесінде Б.Қойшыбаевтің «Жазықсыз жапа шеккендер», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары», «Красный террор» және тағы басқа тақырыптық кітаптар қойылды.