Қітапхана – оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.
Кітапханашының аттқаратын қызметі заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру.
Сол себепті, ақпан айының үшінші жұлдызында Ерейментау ауданы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің 2022 жылдың қорытындысы және 2023 жылдың негізгі жұмыс жоспарларын талқылайтын аудандық семинар өтті. Семинарда Өлеңті, Ақмырза ауылдық кітапханалары және Балалар кітапханасы «Кітапханаларда өткізілген жұмыс түрлері» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, әдістемелік-библиография бөлімінің қызметкері Қайыргелді Г.Р. «2023 жылдың жұмыс жоспарлары мен көрнекілік құралдары» атты баяндамасын ұсынды. Аудандық кітапхана қызметкері Жібек Хасанқызы 2023 жылға қойылған кітап көрмелерімен таныстырып, тақырып таңдау, оны безендірудің әдіс-тәсілдерімен, дереккөздерімен бөлісті. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры Садвакасова Д.Б. семинарды түйіндеп, Бестоғай, Новомарковка ауылдық кітапханалары және Балалар кітапханасын алғыс хаттармен марапаттады.
2023 жылы да балалар мен оқырмандардың кітапқа деген ынтасын арттыру, шығармашылық пен библиографиялық шеберлігін дамыту мақсатында кітапхана жұмысын жүйелі жүргізейік деген тілек білдіреміз.