Құтты болсын, келген көктем, әз Наурыз!
Білдіретін бір-біріне шын алғыс.
Жаңа жылға жақсы ниет достықпен
Әрбір адам, адал қадам басыңыз.
Алғыс айтам, халқым, елім жұртыма
Жылдан -жылға жетейікші бір туа,
Бірлігіміз налымасын ешқашан.
Еш кінәрат түспес Елім шырқыңа.