1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша он алты жылдан бері тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор.
1995 жылы құрылған Қазақстан залықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.
Айта өтейік, 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.
Ерейментау аудандық кітапханалары «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында кітап көрмелерін ұйымдастырып, кітапханашылар шолу жасады. Осы кітап көрмелерінің аясында ауданымыздың өзге ұлт өкілдері өз құттықтауларын жолдады.
Ерейментау ОКЖ парақшасының әлеуметтік интернет желілерінде (фейсбук, инстаграмм)жарияланды.