Ерейментау аудандық әдістемелік — библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі қазына» жобасы аясында аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауылдық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. !с шара барысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталып, 2024 жылдың негізгі іс шаралары бойынша жоспар құрылды.